Қазақстандық теннисші Үндістанда сенімді өнер көрсетуде
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аурангабадта өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда әлемнің 422-ракеткасы үндістандық Саумья Рондені 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.
Ойын барысында Құламбаева өз геймдерінде үш рет ұтылса да, жеті брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.
Бұған дейін ол тағы бір үндістандық теннисші Даника Фернандоны 6:3, 6:0 есебімен жеңген еді.
Ширек финалда қазақстандық теннисші Яшасвини Панвар мен Мадурима Савант арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или