Астаналық клуб жарыстан ресми түрде бас тартты

Астаналық клуб жарыстан ресми түрде бас тартты

«SD Family» клубы Қазақстанның Екінші лигасының осы маусымынан ресми түрде шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпарат кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясына жолданған.

Осы шешімге байланысты матчтар күнтізбесі мен турнирлік кестеге регламентке сәйкес өзгерістер енгізіледі.

Айта кетейік, өткен маусымда Бірінші лигада «SD Family» 23 ұпай жинап, 11-орын алған еді.

Сондай-ақ клуб 9 сәуір күні Қазақстан кубогының 1/16 финалында павлодарлық «Ертіспен» кездесуі тиіс болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или