«Тұран» Думан Нәрзілдаевпен келісімшартқа отырды
«Тұран» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Думан – Қызылорда футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Футболшы өз мансабын 2012 жылы «Қайсар» командасында бастаған. Қазақстанның бірнеше клубтарында өнер көрсетіп, «Ордабасы» клубымен Қазақстан чемпионы атанды.
Жартылай қорғаушы мансабында барлығы 272 ойын өткізіп, 14 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или