Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Мексиканың Сан-Луис-Потоси қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында қазақстандық Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 353-орында) канадалық Дэн Мартинмен (387-орында) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу де Жұқаев қарсыласын 7:6 (7:3), 6:7 (6:8), 6:4 есебімен жеңді.

Ойын 2 сағат 57 минутқа созылды. 

Осылайша, қазақстандық жарыстың ширек финалына шықты, онда ол австралиялық теннисші Джеймс Даквортпен (95-орында) кездеседі. Олардың кездесуі ертең, 3 сәуірде өтеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Сан-Луис-Потосидегі турнирдің жеңімпазы 17 000 доллар және 75 рейтингтік ұпай жинайды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или