Ташкентте өтетін OCTAGON 85 турнирінің тікелей трансляциясы
Бүгін, 2 сәуірде Ташкентте Орталық Азия жекпе-жек лигасының аралас жекпе-жектен жоғары деңгейлі OCTAGON 85 жарысы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты кездесуінде жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу иегері Богдан Пшебельский (7-2) мен өзбекстандық «хайлайт-машина» Шохасан Мирзаматов (16-4) арасында жекпе-жек өтеді.
Негізгі кездесуде бос тұрған жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін қазақстандық Еламан Жетпісбай (7-1-1) мен өзбекстандық жауынгер Жамолиддин Рахможнов (7-1-1) арасында чемпиондық жекпе-жек өтеді
Сонымен қатар өзбек блогері және жауынгер Огабек «Сатурн» Абдумуминов (4-0) қазақстандық театр және кино актері Қазбек Төленмен (1-0), ал оның жерлесі және әріптесі актер Арнур Қабдолдаев (5-1-1) Мансұр Атаджоновпен (3-4) кездеседі.
Өзбекстандағы танымал медиа жауынгер Жасурбек Жураев (3-2) қазақстандық файтер Аймырза Бекимбетовпен (2-1) кездеседі. Ал Еркебұлан Тоқтардың басты қарсыласы, өзбекстандық Одилхон Камолов (9-5) қазақстандық Кемеңгер Әуезовпен (1-0) кездеседі.
Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы Астана мен Ташкент уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады және OCTAGON TV арнасынан көруге болады.
OCTAGON 85 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 85 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»