Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Кезекті жарыс күні шаршы алаңға Ертуған Зейнуллинов шықты.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тайпей өкілі Ю Линмен жұдырықтасты. Нәтижесінде Ертуған айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Осылайша Ертуған Зейнуллинов ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов ширек финалға өткен еді.
Махмұд Сабырханның Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында жеңіліп қалды
World Boxing: бокстан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасына жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или