Алматыда паделден FIP Gold санатындағы халықаралық турнирі басталды
Алматыдағы ADD Padel & Table Tennis орталығында паделден FIP Gold санатындағы халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдік деңгейдегі жарысқа 20 мемлекеттен келген 150-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекенің жүлде қоры 50 мың еуроны құрайды.
Жеребе тарту рәсімінен кейін қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды.
- Дмитрий Мягков / Евгений Данилов – Жасұлан Омаров / Серджи Гиме Бигас (Испания)
- Жәнібек Үмбетов / Радион Пак – Хаокин Родригес (Аргентина) / Адриан Мансанеке (Испания)
Әлемдік деңгейдегі падел шеберлерінің ойынын біздің арнамыздан жіберіп алмаңыздар! Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
Каноэде ескек есуден ел чемпионаты мәресіне жетті
Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или