Ресми: Штефан Таркович «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Ресми: Штефан Таркович «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

«Ақтөбе» футбол клубы словакиялық маман Штефан Тарковичпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде ақтөбелік команданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Келісімшарт 1+1 схемасы бойынша жасалды.

Штефан Таркович 1973 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылдан бастап словакиялық бірқатар клубта ойнаған. Бапкерлік қызметінде Словакия, БАӘ клубтарында еңбек етсе, 2023-2024 жылдары Қырғызстан құрамасының тізгінін ұстаған.

«Ақтөбе» командасы биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. Алғашқы үш турда бір мәрте жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Қазір турнир кестесінде 3 ұпаймен оныншы орынды місе тұтып тұр. Салдарынан болгариялық маман Николай Костов қызметінен кетті.

«Ордабасы» бразилиялық футболшымен келісімшартқа отырды

Қазақстан құрамасының Астанадағы жеңісті матчына бейнешолу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или