Көркем гимнастика: Гран-приге қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жекелей жаттығулар бағдарламасында еліміздің атынан Ақмарал Ерекешева өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан топтық жаттығуларда да бақ сынайды. Құрамға Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская енгізілді.
Франциядағы Гран-при кезеңі 4-5 сәуір аралығында өтеді.
Қазақстандық гимнаст қыздар Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті
Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или