«Ордабасы» бразилиялық футболшымен келісімшартқа отырды
Бразилиялық футболшы Лео Натель «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде шымкенттік команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Лео Натель Португалияның «Бенфика» клубының жастар жүйесінде тәрбиеленген. Кәсіби мансабында Бразилияның «Сан-Паулу», «Форталеза», «Коринтианс», «Новуризонтино» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Кипрдің «АПОЭЛ», «АЕЛ Лимасол», «Пафос» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларында ойнады.
Лео Нательдің негізгі позициясы – вингер. Сонымен қатар ол оң қапталда және орталық шабуылда да ойнай алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или