15 жасар қазақ баласы «Барселона» ойыншысы атанды

15 жасар қазақ баласы «Барселона» ойыншысы атанды

«Барселона» футбол клубында енді қазақ баласы доп тебеді, деп хабарлайды Prosports.kz.  

15 жасар қазақстандық футболшы Карим Меңдіқанов «Барселона» ойыншысы атанады, деп жазады испаниялық Mundo Deportivo порталы.

Ақпарат көзіне сенсек, қос тарап келісімшартқа қол қойған. Бірақ, жас ойыншы клуб қатарына келер маусымда қосылады. Осылайша Карим «блауграна» тарихындағы алғашқы қазақстандық ойыншы атанбақ.

Вингер 2022 жылдан бері Каталонияда жаттығып келеді. Өткен маусымды «Серданьола» сапында өткізіп, биыл «Сант-Кугат» қатарына қосылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или