Моралес Рахмоновтың қарсыласына ашық түрде қарсы шықты

Моралес Рахмоновтың қарсыласына ашық түрде қарсы шықты

Эквадорлық жекпе-жек шебері Майкл Моралес ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри туралы мәлімдеме жасап, оны жек көретінін ашық айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның сөзінше, егер октагонда кездессе, бұрын-соңды болмаған деңгейде агрессивті айқас өткізер еді. Моралес Гэрриге қарсы жеке бас араздықтары барында жасырмады. 

Соңғы жекпе-жегін Шон Брэдиге қарсы өткізген Моралес UFC 322 турнирінде бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қазіргі таңда оның еншісінде 19 жеңіс бар және бірде-бір рет жеңілмеген.

Ал Иэн Мачадо Гэрри соңғы рет 2025 жылдың қарашасында Белал Мухаммадқа қарсы шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

Айта кетелік, Гэрри бұған дейін қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізген.

Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады

UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?

Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или