Қазақстан ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар шоуын өткізбей қойды

Қазақстан ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар шоуын өткізбей қойды

Қазақстанда Этери Тутберидзе жетекшілік ететін «Чемпионы на льду» мұз шоуы өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада 1 мамырға жоспарланған кеште Алина Загитова, Евгения Медведева, Александра Трусова, Аделия Петросян, Петр Гуменник және Элизабет Турсынбаева өнер көрсетуі тиіс еді. Алайда ұйымдастырушылар мен «Барыс Арена» арасындағы келісім аяқ астынан тоқтатылды.

Бұл шешім салдарынан шамамен 7 500 көрермен билетсіз қалды, ал ұйымдастырушылар қомақты қаржылық шығынға ұшырады. Билеттердің бағасы 8,8 мыңнан 35,4 мың теңгеге дейін болған. Арена өкілдері келісімнің не себепті бұзылғанын нақты түсіндірмеді.

Айта кетелік, биыл Этери Тутберидзе Италияда өткен Олимпиада ойындарына спортшыларын апарды. Оның шәкірті Аделия Петросян Миланда бейтарап ту астында өнер көрсетсе, бапкердің өзі Грузия құрамасының атынан қатысты. Кейін оның шәкірттері, соның ішінде Ники Эгадзе, жетістіктері үшін Грузияның мемлекеттік марапаттарына ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или