Өзбекстан ұлттық құрамасы әлемнің үздік 50 командасына кірді

Өзбекстан ұлттық құрамасы әлемнің үздік 50 командасына кірді

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы өзінің тарихындағы алғашқы FIFA Series үй турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте үздік 50 топ қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сәуірде FIFA ұлттық командаларының ресми рейтингі жаңартылды. Наурыздағы екі матч нәтижесінде Өзбекстан құрамасы өз позициясын жақсартып, енді әлемнің ең мықты 50 құрамасының қатарына кірді. Турнирге дейін команда 1462,03 ұпаймен 52-орында тұр еді.

Турнирдің бірінші матчында Өзбекстан құрамасы Габонн 3:1 есебімен жеңіп, 3,29 ұпайға ие болды. Екінші кездесуде команда Венесуэламен тең ойнап, кейінгі пенальти сериясында жеңіске жетіп, турнирді өз алаңында жеңіп шықты. 

Айта кетелік, Өзбекстан құрамасы 1465,34 ұпайға жетіп, 50-орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или