Италия құрамасы 2026 жылғы Әлем біріншілігіне шыға алмады

Италия құрамасы 2026 жылғы Әлем біріншілігіне шыға алмады

Танымал журналист Нобель Арустамян Италия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына шыға алмауына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, бұл нәтиже команданың қазіргі деңгейін көрсетеді жіне Италия элиталық тізімнен шығып қалған. 

«Бұл жағдайға не деп ат қойсақта мейлі.  Кешірілмес қателіктер, әлсіз буын немесе қарғыс атқыр жағдай. Бүгінгі матчтан кейін белгілі бір дәйек бар. Италия әлемнің элиталық құрамаларынан шығып қалған екен. Өкінішке қарай солай...» деді Арустамян.

Италиялықтар шешуші ойында Босния және Герцеговина құрамасына пенальти сериясында есе жіберді (1:1, 1:4 пен.). Осылайша олар 2026 жылғы Әлем біріншілігі жолдамасынан қағылды.

Журналист бұл жағдайды үлкен дағдарыс деп бағалады. «Скуадра адзурра» тарихында алғаш рет қатарынан үш әлем чемпионатын өткізіп алады. 

Айта кетелік, Италия соңғы рет мундиальда 2014 жылы өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или