Шевченко Бухаресттегі турнирде жеңілді

Шевченко Бухаресттегі турнирде жеңілді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко ATP-250 Бухарест турнирінің 1/8 финалында нидерландтық Ботик ван де Зандсхулп спортшысына жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5:7, 1:6 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 25 минутқа созылды. Ойын барысында Шевченко бір эйс жасап, төрт брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды және бірде-бір қос қателік жібермеді.

Ал қарсыласы алты эйс орындап, тоғыз мүмкіндіктің алтауын брейкке айналдырды. 

Айта кетелік, Ботик ван де Зандсхулп ширек финалда Нуну Боржеш пен Дамир Джумхур арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или