Қазақстан жағажай футболынан Еуролига элитасына шықты

Қазақстан жағажай футболынан Еуролига элитасына шықты

Қазақстанның жағажай футболынан ұлттық құрамасы 2026 жылғы маусымда Еуролиганың А дивизионында өнер көрсету құқығына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыс Еуропаның ең мықты құрамаларын біріктіріп, деңгейі жағынан құрлық чемпионатына тең саналады.

Бұл жетістікке команда 2025 жылғы маусымда В дивизионында сәтті өнер көрсетуінің арқасында қол жеткізді. Қазақстан құрамасы Промофиналда жоғары нәтиже көрсетіп, элиталық дивизионға жолдама жеңіп алды.

А дивизионында қазақстандықтар Италия, Франция және Молдова құрамаларымен кездеседі. Ойындар 29 шілде мен 2 тамыз аралығында Молдовада өтеді. 

Айта кетелік, өткен маусым қорытындысы бойынша Михаил Кайзер турнирдің үздік ойыншысы атанған еді.


Еуроға іріктеу: Қазақстан — Ирландия матчының тағдыры соңғы минутта шешілді

Қазақстан жастары Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтсіз аяқтады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или