Әдиев бас бапкерліктен кетті
Магомед Әдиев ресми түрде «Крылья Советов» командасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның бұған дейін команданың орналасқан жерінен кетіп, «Ақтөбе» клубымен келіссөз жүргізгені белгілі болды. Әдиевтің өзі бұл кездесудің жоспарланбағанын айтқанымен, артынша самаралық клуб онымен қоштасу туралы шешім қабылдаған.
48 жастағы бапкер команданы 2025 жылдың жазынан бері басқарды.
Айта кетелік, Ресей Премьер-Лигасы аясында 22 турдан кейін «Крылья Советов» 21 ұпай жинап, 13-орында тұрған еді. Оның орнына Сергей Булатов келуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или