«Алаңда жаяу жүрдік»: экс-қақпашы Бекбаев Қазақстан құрамасының ойынын сынады

«Алаңда жаяу жүрдік»: экс-қақпашы Бекбаев Қазақстан құрамасының ойынын сынады

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында FIFA Series турнирі аясында өткен Комор Аралдарына қарсы матчқа (1:0) қатысты сын пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Намибияға қарсы ойынды көрмедім, бірақ Комор Аралдарына қарсы матчты тамашаладым. Ойын қарқыны өте төмен болды, бәрі алаңда жаяу жүргендей көрінді. Комор аралдарын нашар команда десек те, екінші таймда олар Қазақстаннан мықтырақ ойнады: допқа иелік ету көрсеткіші жоғары болды, пастары дәл өтті, қақпамызға қауіпті жақындай алды. Иә, соққылары қиыс кетіп жатты, шеберліктері аздау екені байқалды. Бірақ физикалық тұрғыда коморлықтар өте мықты, допты да жақсы ұстайды».

Сондай-ақ, Бекбаев ұлттық құрама ойыншыларының алаңдағы шаршаңқы күйіне таңғалысын білдірді:

«Шынымды айтсам, қазір біздің ойыншылар нағыз бабында болуы керек еді. Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарынан оралды, Премьер-лига басталды. Егер қазір дайын болмаса, онда қашан дайын болады (күледі)? Бірақ бұл ойынға қарап, Қазақстан құрамасы физикалық тұрғыда қатты шаршап шыққандай әсер қалдырды. Мүмкін, алдыңғы ойыннан кейін толық қалпына келіп үлгермеген болар... Иә, біз жеңдік, бірақ екінші таймда Комор аралдарының шабуылдары өте қауіпті болды. Физикалық тұрғыдан біздің күшіміз сарқылып қалғандай көріндік», – деді Бекбаев.

Қазақстан құрамасы Комор аралдарын Рамазан Оразовтың жалғыз голының (1:0) арқасында ұтып, екі жеңіспен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды.

Алмат Бекбаев өз мансабында «Ордабасы», «Тобыл», «Жетісу», «Қайсар» секілді клубтарда өнер көрсетіп, Қазақстан ұлттық құрамасына сапында бір ойын өткізген.


Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан U19 екінші матч қатарынан жеңілді

Қазақстан құрамасының Астанадағы жеңісті матчына бейнешолу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или