Бибісара Асаубаева Кипрдегі жарыста көш бастады

Бибісара Асаубаева Кипрдегі жарыста көш бастады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы үміткерлер турнирінің үшінші турында тамаша жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибісара блицтен екі дүркін әлем чемпионы, турнирдің фавориті қытайлық Чжу Цзиньерді (2026 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша әлемде екінші орында) жеңді.

Турнирдің басында Асаубаева үнді шахматшысы Рамешбабу Вайшали мен Александра Горячкинаға (FIDE) қарсы ойындарда тең түскен еді. Енді қазақстандық шахматшы турнирде көш бастады. 


Қазақстандық шахматшы үндіс қарсыласымен тең түсті

Қазақстанда паделден халықаралық турнир өтеді

Шок мәлімдеме: Рахмонов балаларынан бас тартты ма?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или