Қазақстан – FIFA Series 2026 турнирінің жеңімпазы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series 2026 жолдастық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құрама Астанада өткен турнирдің соңғы турында Комор аралдары құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұған дейін Намибияны 2:0 есебімен жеңген еді.
Осылайша, Талғат Байсуфинов шәкірттері екі матчта да жеңіске жетіп, алғаш рет ұйымдастырылған турнирдің жеңімпазы атанды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков турнирдің үздік ойыншысы деп танылды. «Хартс» клубында доп тебетін отандасымыз Намибияға қарсы матчта 64 минут ойнады. Ал бүгін 90 минут ойнап, жеңісті голдың соғылуына сеп болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или