Қазақстан - Ирландия матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан - Ирландия матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 31 наурыз күні Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Түркістанда Ирландия құрамасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Алты турдан кейін Қазақстан құрамасы D тобында 4 ұпаймен соңғы, алтыншы орында тұр. Ал Ирландия құрамасы 8 ұпай жинап, үшінші сатыда орналасқан.

Қазіргі турнир кестесінде Англия мен Словакия 16 ұпайдан жинап көш бастап тұр. Одан кейін Ирландия (8 ұпай), Андорра (7 ұпай), Молдова (5 ұпай) және Қазақстан (4 ұпай) орналасқан.

Соңғы турда Қазақстан Словакияға 1:3 есебімен жеңілсе, Ирландия Молдовамен 1:1 есебімен тең ойнады.

Қазақстан кубогы ойындарының уақыты белгіленді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или