Қазақстан құрамасы муайтайдан өткен халықаралық турнирде 38 медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы муайтайдан өткен халықаралық турнирде 38 медаль еншіледі

Түркияның Кемер қаласында муайтайдан халықаралық XIIII Antalya Open Cup турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты, соның ішінде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетті.

Қазақстан тайбоксшылары турнирде керемет нәтиже көрсетіп, 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия құрамасы иеленсе, үшінші орынды Мажарстан құрамасы алды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или