Азия чемпионаты: Үш боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Маңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық бір бұрымды боксшымыз сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келі салмақта өнер көрсеткен Азия чемпионы Римма Волосенко ширек финалдан тыс қалды. Ол 1/8 финалда Үндістан спортшысы Прия Приямен жұдырық түйістірді. Үш раундқа жалғасқан айқаста үндістандық қарсылас шабуыл мен қорғаныста да басымдығын танытып, 5:0 есебімен басым түсті.
Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Жазира Орақбаева (51 кг) мен Элина Базарова да (54 кг) 1/8 финалда қарсыластарына жол берген еді.
Енді ертең, 1 сәуір күні 60 келіде Оразбек Асылқұлов Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконмен қолғап түйістіреді.
Махмұд Сабырханның Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында жеңіліп қалды
World Boxing: бокстан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасына жетті