Римма Волосенко Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Римма Волосенко Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күнінде Римма Волосенко (60 келі) Қазақстан құрамасының намысын қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақ спортшысы жарыстың келесі кезеңіне өте алмады.

1/8 финалда Волосенко төрешілер шешімімен Азия жастар чемпионатының күміс жүлдегері үндістандық Прия Приядан 0:5 (27:30, 27:30, 27:30, 28:29, 27:30) есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Жазира Орақбаева (51 келі) мен Элина Базарова (54 келі) құрлықтық чемпионаттан бір күн бұрын шығып қалған болатын.

Қазақстандық боксшы WBA Asia титулының иегері атанды

World Boxing: бокстан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасына жетті

Қазақ боксшысы нокаутпен алтынға қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или