Денис Евсеев Испаниядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 399-орында) Испанияның Менорка қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің жартылай финалында Евсеев испаниялық теннисші Серхио Мартос Горнеспен кездесіп, оны қатарынан 6-4, 6-4 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды.
Меноркадағы турнирдің жүлде қоры 160 680 еуро. Жеңімпаз 23 750 еуро және 100 рейтингтік ұпай жинайды. Франциялық теннисші Валентен Руайе (71-орында) басты фаворит болып саналады.
Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирді сәтті бастады
Рыбакина Майами турнирінде әлемнің үздігіне жол берді
Қазақстандық теннисші Италиядағы жарысқа қатысты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или