«Cемейдің» бразилиялық ойыншысы қатардан шығып қалды

«Cемейдің» бразилиялық ойыншысы қатардан шығып қалды

«Cемей» клубы 24 жастағы бразилиялық ойыншы Кайо Торрестің алдынғы жарақатынан кейінгі қалпына келу процесі сәтсіз өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде, одан мениск зақымдануы анықталып, тізесіне тағы бір мәрте ота жасалатыны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 30 наурызында «Бәйтерекке» қарсы ойында Кайо айқас байламдарын ауыр жарақаттап алып, паркетке тек 314 күннен кейін қайта оралған болатын. осы маусымда жарақаттан кейін ол чемпионатта небәрі үш матчқа және Чемпиондар лигасында «Этуальға» қарсы бір ойынға ғана қатысып үлгерді.

«Семей» Қазақстан чемпионатында «Ақтөбені» жеңді

Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или