Азамат Тұяқбаевты еуропалық клубтар бақылауда

Азамат Тұяқбаевты еуропалық клубтар бақылауда

Германия мен Италияның скауттары Азамат Тұяқбаевтың ойынын бақылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды. Еуропа чемпионаты элиталық кезеңіндегі Қазақстан U19 - Украина U19 құрамаларының кездесуіне Германия Бундеслигасы мен Италияның А сериясының скауттары келген. Олар Азамат Тұяқбаевтың ойынын бақылады.

Азамат Тұяқбаев бұл іріктеу кезеңіндегі 25 наурызда Румынияға қарсы өткен кездесуде бір гол соғып және бір нәтижелі пас шығарып берді.

Айта кетсек, іріктеу кезеңінің матчтары 2026 жылдың 25-31 наурызы аралығында Румынияда өтіп жатыр. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Хромтаудағы «Горняк» стадионы тексерістен өтті

Қазақстан кубогы ойындарының уақыты белгіленді

Талғат Байсуфинов ертеңгі матчқа қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или