Талғат Байсуфинов: Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз

Талғат Байсуфинов: Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов FIFA Series жолдастық турнирі аясында өтетін Комор аралдары құрамасына қарсы матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Намибиямен ойында біз африкалық футболдың қандай екенін өз көзімізбен көрдік. Енді Комор құрамасымен ойнаймыз. Олардың сапында Еуропада өнер көрсететін футболшылар бар. Жігіттер бәрін түсінеді, бізде қалпына келуге де, алаңға қандай философия мен стильмен шығатынымызды жақсырақ түсінуге де уақыт болды. Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз – ол бізге де, футболшыларға да, жанкүйерлерге де қажет», – деді ұлттық құрама бапкері.

Айта кетейік, ойын ертең, 31 наурыз күні кешкі 17:00-де басталады.

Қазақстан FIFA Series турнирін жеңіспен бастады

FIFA Series 2026 турнирі ресми түрде басталды

Қазақстан кубогы ойындарының уақыты белгіленді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или