Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (ATP рейтингінде 195-орында) Марокконың Марракеш қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 141-ракеткасы, тунистік Моэ Эшаргиді қапы қалдырды. Екі сет те 6:3 есебімен тәмамдалды.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Скатов 5 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Эшарги 6 эйспен шектелді.

Осылайша, Тимофей Скатов негізгі жарысқа жолдама алды.

Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирді сәтті бастады

Рыбакина Майами турнирінде әлемнің үздігіне жол берді

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарысқа қатысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или