Жамбыл облысы Нұрқанат Серікбаевқа қаржылай сыйақы табыстады

Жамбыл облысы Нұрқанат Серікбаевқа қаржылай сыйақы табыстады

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов дзюдодан Tbilisi Grand Slam 2026 халықаралық турнирінің жеңімпазы Нұрқанат Серікбаевты қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

20–22 наурыз аралығында Тбилиси қаласында өткен беделді халықаралық жарысқа 51 елден 386 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында сынға түскен 12 спортшының ішінде жамбылдық Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.

Ел абыройын асқақтатып, халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшыға облыс атынан қаржылай сыйақы табысталды.

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үш медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы Грузиядағы «Үлкен дулыға» турнирін аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или