Қазақстандық гимнаст қыздар Әлем кубогы кезеңінде сынға түсті
Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аясында жеке көпсайыстағы жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетті.
Ертайқызы 107.300 ұпай жинап, қорытындысында 14-орынға ие болды. Мейіржанова 102.800 ұпаймен 29-нәтиже көрсетті.
Жарыста Таисия Онофрийчук (Украина) жеңіске жетті — 116.600. Одан кейін Стилиана Николова (Болгария) — 116.200. Қола жүлдені София Раффаэли (Италия) — 115.700 иеленді.
Бүгін, 30 наурыз күні, жекелеген жаттығулар бойынша финалдар өтеді.
Қазақстандық садақшылар Азия кубогында үш алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды