Қарағанды клубының бапкерлер штабына қазақстандық маман қосылды
Қарағандылық «Шахтер» клубы Максим Жалмағамбетовтың бас бапкер көмекшісі қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
42 жастағы қазақстандық маман ойыншы ретінде «Жеңіс», «Ертіс» және Бельгияның «Антверпен» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 30 матч өткізген.
Футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін Жалмағамбетов бапкерлікке бет бұрып, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.
Еске салсақ, 2025 жылдың қараша айынан бері қарағандылық клубтың иесі — кәсіпкер Тимур Турлов. «Шахтер» клубы жекешелендіру аясында Freedom Holding құрылымдарына өткен болатын. Ал «кеншілердің» бас бапкері болып клуб аңызы Андрей Финонченко келген еді.
«Шахтердің» жаңа бас бапкері белгілі болды
«Шахтер» футбол клубының таныстырылымы өтті
«Шахтер» клубының алдына қойған мақсаты белгілі болды