Қазақстан кубогы: 1/16 финал ойындарының уақыты белгіленді
Футболдан 2026 жылғы Қазақстан кубогы 1/16 финалының қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алады. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыса алады.
8 сәуір:
- 14:00. «Талас» - «Қайсар»
- 14:00. «Ансат» - «Тобыл»
- 15:00. «Академия Оңтүстік» - «Ордабасы»
- 15:00. «Жайық» - «Қайрат»
- 15:00. «БКС» - «Астана»
- 15:00. «Қаршыға» - «Жетісу»
- 16:00. «Жас Қыран» - «Атырау»
- 18:00. «Тұран» - «Елімай»
9 сәуір:
- 14:00. «SD Family» - «Ертіс»
- 14:00. «Zhelaev Nan» - «Алтай»
- 14:00. «Хромтау» - «Жеңіс»
- 15:00. «Арыс» - «Ақтөбе»
- 15:00. «Екібастұз» -«Каспий»
- 15:00. «Шахтер» - «Оқжетпес»
- 16:00. «Хан тәңірі» - «Қызылжар».
- 17:00. «Тараз» - «Ұлытау»
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) - 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) - 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) - 1 мәртеден жеңімпаз атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или