Бокстан ұлттық құрама бапкері АЧ алдында пікір білдірді

Бокстан ұлттық құрама бапкері АЧ алдында пікір білдірді

30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатырда World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир қарсаңында Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов команданың дайындығы мен боксшылардың көңіл күйі туралы пікірімен бөлісті.

«Қазақстанда дайындалдық. Шымкентте бес елмен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, әлеуетті қарсыластармен үш реттен спарринг жасадық. Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын он боксшыны іріктеп алдық. Қазір жарыс өтетін жерде үш күннен бері жүрміз. Бейімделу және акклиматизация кезеңінен өтіп жатырмыз.

Көңіл күй жақсы. Құрамда алты әлем чемпионы бар. Жігіттер бабында, салмақтары да қалыпты. Турнирге 22 ел қатысады. Бұйырса алдағы күндері 60–65 келіде жекпе-жектерді бастаймыз», - деді Нұржан Насанов.

Айта кетейік, ұлттық құрама бапкері Нұржан Насанов үшін бұл дода бірінші ірі жарысы саналады.

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында бақ сынайды

Серік Сәпиев даулы жағдайдан кейін жаңа лауазымға ие болды

Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте Олимпиада чемпионын басып озды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или