Еуропа кубогы: Қазақстандық дзюдошылар үш медаль еншіледі

Еуропа кубогы: Қазақстандық дзюдошылар үш медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы Дубровник қаласында (Хорватия) өткен Еуропа кубогының кезеңінде бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

73 келі салмақта сынға түскен Данияр Шамшаев турнирдің алтын жүлдегері атанды. Ол алғашқы кездесуінде хорватиялық Лука Катичті, содан кейін австриялық Фирис Бен Саадты жеңді. Ширек финалда венгриялық Акош Барзикайды, ал жартылай финалда тағы бір венгр Адам Калаздан басым түсті. Шешуші кездесуде қазақстандық дзюдошы француз Максим Гобертті қапы қалдырды.

60 келіде Дамир Болатбеков күміс жүлдегер атанса, 78 келіде Толқын Тұрсынақынова қола медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасы Грузиядағы «Үлкен дулыға» турнирін аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар European Open турниріне қатысады

Токио Олимпиадасының чемпионы мансабын аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или