«Бейбарыс» клубы бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады
Атыраулық «Бейбарыс» клубы бас бапкер қызметіне жаңа үміткерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақпаратқа сәйкес, командадан қазіргі бас бапкері Александр Высоцкий маусымаралық кезеңде кетуі мүмкін. Оның орнына клуб басшылығы Егор Кутугиннің кандидатурасын ұсынып отыр.
Кутугин бұған дейін «Бейбарыс» сапында ойыншы ретінде өнер көрсеткен, ал соңғы жылдары бапкердің көмекшісі қызметін атқарып келеді. Сондықтан оның бас бапкерлікке келуі — ықтимал нұсқалардың бірі. Сонымен қатар, соңғы маусымдарда атыраулық клубта бас бапкерлер жиі ауысқанымен, көмекші бапкер өзгеріссіз қалып отырған.
Еске салсақ, Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің ширек финалында «Бейбарыс» өскемендік «Торпедоға» есе жіберген еді.
«Барыс» жанкүйерлері бас бапкердің кетуін талап етті
Қарағандылық хоккейші ҚХЛ рекордын қайталады
Қазақстандық бапкердің командасы сериядағы алғашқы жеңісіне жетті