Қазақстандық баскетболшы қыздар U18 Азия кубогына жолдама алды
Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.
Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан басым түсті — 89:41.
Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.
Қазақстанда паделден халықаралық турнир өтеді
Шок мәлімдеме: Рахмонов балаларынан бас тартты ма?
Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или