Александр Шевченко Румыниядағы жарыста бақ сынайды
Румынияның Бухарест қаласында өтетін ATP 250 турнирінің жеребе нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге қазақстандық Александр Шевченко (әлемде 84-ші орында) қатысады.
Бірінші айналымда Александр 20 жастағы жергілікті теннисші Раду Давид Цурканмен (әлемде 658-ші орында) кездеседі.
Бухаресттегі ATP 250 турнирі 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 612 000 еуроны (340 миллион теңге) құрайды.
Қазақстандық теннисші жүлде қоры 481 миллион болатын турнирге қатысады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или