Бублик Франциядағы турнирде бақ сынайды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (әлемде 11-ші орында) Францияның Ним қаласында өтетін UTS (Ultimate Tennis Showdown) көрме турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс 3-4 сәуір аралығында өтеді.
Жеребе бойынша, Александр Бублик ширек финалда француз теннисшісі Уго Гумбертпен кездеседі.
Қалған жұптар келесідей: Феликс Оже-Алиассим (Канада) - Григор Димитров (Болгария), Андрей Рублев (Ресей) - Алехандро Давидович Фокина (Испания) және Каспер Рууд (Норвегия) - Карен Хачанов (Ресей).
Шbhtr финал жұма күні, ал жартылай финал мен финал сенбі күні өтеді.
Ultimate Tennis Showdown жүлде қоры бір миллион долларды (481 миллион теңге) құрайды, ал чемпион 301 мыңға дейін (145 миллион теңге) табыс таба алады.
Янник Синнер Майамидегі турнирдің финалына шықты