Франция Мбаппесіз жолдастық матчта Колумбияны жеңді
Франция құрамасы Колумбиямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Ландовердегі Northwest стадионында өтті.
Дидье Дешам келесі құрамды алаңға шығарды: Самба, Лакруа, Эрнандес, Динь, Заир-Эмери, Калулу, Канте, Шерки, Аклиуш, Тюрам және Дуэ. Жұлдызды ойыншы және капитан Килиан Мбаппе құрамға кірмеді.
Француздардың екі голын бірінші таймда Дезире Дуэ (29-шы) және Маркус Тюрам (41-ші) соқты. Дуэ (56-шы) екінші таймда дубль авторы атанса, ал Хамингтон Кампас (77-ші) қорытынды есепті тіркеді. Матч фаворит Францияның пайдасына аяқталды - 1:3.
Айта кету керек, екі команда да 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады.
«Барселона» уақытша стадионнан кетуге мәжбүр болады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или