Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Қазақстанның велотрек құрамасы Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыс аясында ұлттық құрама үш медаль еншіледі.

Әйелдер арасындағы жеке қуу жарысында Рината Сұлтанова қола жүлдеге ие болды.

Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Спортшылар мэдисон сайысында күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстанда паделден халықаралық турнир өтеді

Шок мәлімдеме: Рахмонов балаларынан бас тартты ма?

Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или