Дінмұхаметов пен Карабутов жүлдегер атанды

Дінмұхаметов пен Карабутов жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы велотректен Азия чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан жарыста элит санатындағы 50 шақырым мэдисон бәсекесінде Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов екінші орын иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Жапония (104 ұпай) алды. Қазақстан 82 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізсе, Қытайдың Гонконгы 65 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 3 медаль бар — 2 күміс және 1 қола. Ал жасөспірімдер құрамасы бұған дейін 2 алтын медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 31 наурызда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или