«Барселона» уақытша стадионнан кетуге мәжбүр болады

«Барселона» уақытша стадионнан кетуге мәжбүр болады

«Барселона» 2027/2028 маусымының алғашқы айларында «Камп Ноу» стадионында ойнай алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім стадионға шатыр орнату жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты қабылданған. Жоспар бойынша жұмыстар 2027 жылдың жазында басталып, шамамен жеті айға дейін жалғасуы мүмкін.

Осы кезеңде клуб матчтарын басқа алаңда өткізуге мәжбүр болады. Ең ықтимал нұсқа — «Олимпиялық Монжуик» стадионы.

Бұған дейін «Барселона» маусым соңындағы үш турды және келесі маусымның алғашқы ойындарын сырт алаңда өткізуді жоспарлаған.

Сонымен қатар балама ретінде «Эстади Йохан Кройф» қарастырылғанымен, ол Ла Лиганың талаптарына толық сәйкес келмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или