«Зенит» «Сьонмен» тағы бір матч өткізуі мүмкін
Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы 2026 жылдың күзінде швейцариялық «Сьонмен» жолдастық матч өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу ұлттық құрамалар ойындарына арналған үзіліс кезінде — 21 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтуі ықтимал. Қазіргі таңда тараптар матчтың нақты күнін және өтетін орнын талқылап жатыр.
Өткен жылдың қыркүйегінде бұл командалар Санкт-Петербургте кездесіп, сол ойында «Зенит» 5:3 есебімен жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или