Мадрид клубы капитанмен келісім мәселесін асықпай шешеді

Мадрид клубы капитанмен келісім мәселесін асықпай шешеді

Мадридтік «Реал» қорғаушы әрі команда капитаны Даниэль Карвахальдің болашағына қатысты шешімді кейінге қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы футболшының келісімшарты осы жазда аяқталады. Бұған дейін клуб Начо Фернандес, Тони Кроос және Лука Модричтің жағдайын да маусым соңында шешкен еді.

Дереккөз мәліметінше, «Реал» Карвахальдің команда үшін маңызын түсінеді, алайда бұл оның келісімшартын міндетті түрде ұзартатынын білдірмейді.

Маусым барысында бірнеше клуб ойыншының жоспарларын білгісі келген. Бірақ Карвахаль әрдайым «Реалда» қалуды басты мақсатым деп жауап берген.

Айта кетейік, ол клуб түлегі болып саналады. Карвахаль негізгі команда сапында 446 матч өткізіп, 14 гол соғып, 65 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или