Семсерлесуден Қазақстан құрамасы финалға шыға алмады
Астанада өткен шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы жартылай финалда Францияға жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кезеңде қазақстандықтар әлем рейтингінде екінші орында тұрған Франциямен кездесті.
Матч бойы екі команда тең дәрежеде өнер көрсетті. Алайда соңына қарай француздар басымдыққа ие болып, кездесуді 45:38 есебімен жеңді.
Енді Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін Жапониямен кездеседі. Жапондар өз жартылай финалында Италиядан жеңілген.
Айта кетейік, жартылай финалда ел намысын Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Никита Жулинский қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или