Аник: Махачевке ең лайық қарсылас — Иэн Гарри

Аник: Махачевке ең лайық қарсылас — Иэн Гарри

UFC комментаторы Джон Аник Ислам Махачевтің келесі қарсыласы кім болуы керектігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, жартылай орта салмақтағы чемпионға ең лайық үміткер — ирландиялық Иэн Гарри.

«Иэн Гарри бұл мүмкіндікке еңбегімен лайық. Майкл Моралес жеңіліссіз келе жатыр, Шон Брэдиге қарсы сенсациялық жеңісіне қарамастан, менің ойымша, дәл Гарри Махачевке қарсы шығуы керек. Бұл біз күтіп отырған жекпе-жек», — деді Аник.

Айта кетейік, Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қарашасында өткізіп, Джек Делла Маддаленаны төрешілер шешімімен жеңген.

Махачевтің еншісінде 29 жекпе-жекте 28 жеңіс бар. Ал Иэн Гарри 22 кездесуде 21 рет жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или