Сенегал трофеймен шыққаны үшін жазаға ұшырауы мүмкін
Сенегал құрамасы жолдастық матчта Перуді 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Париждегі «Стад де Франс» стадионында өтті. Голдарды Николас Джексон мен Исмаилы Сарр соқты.
Алайда матч алдында сенегалдық футболшылар алаңға Африка ұлттар кубогының трофейімен шықты. Бұл әрекет FIFA тарапынан санкцияға әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, Сенегал аталған турнирді қаңтар айында жеңіп алған еді. Бірақ кейін Африка футбол конфедерациясы жеңісті Мароккоға беру туралы шешім шығарды. Сенегал бұл шешіммен келіспей, Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағым түсірді.
Марокко федерациясы Сенегал мен Перу арасындағы матчқа арнайы бақылаушы жіберіп, қарсылас әрекеттерін тіркеген. Олардың пікірінше, сенегалдық ойыншылардың әрекеті FIFA этика кодексін бұзуы мүмкін.