Пайфер мен Грассо үздік өнер үшін марапат алды

Пайфер мен Грассо үздік өнер үшін марапат алды

UFC Fight Night 271 турнирінің бонус иелері жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кештің үздік өнері» атағы үшін 100 мың доллардан Джо Пайфер мен Алекса Грассо иеленді.

«Кештің үздік жекпе-жегі» ретінде Тофик Мусаев пен Игнасио Баамондес арасындағы айқас танылып, олар да 100 мың доллардан алды.

Сонымен қатар мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, салмақ өлшеуде қиындыққа тап болмаған спортшыларға 25 мың доллардан берілді. Бұл қатарда Навахо Стирлинг, Кейси О’Нилл, Лэнс Гибсон-младший, Терренс Маккинни, Юсри Белгаруи, Лерриан Дуглас және Майкл Кьеза бар.

Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде Джо Пайфер екінші раундта техникалық нокаутпен Исраэль Адесаньяны жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или